Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері парамен ұсталды

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы — Экономикалық тергеулер қызметінің жедел басқару аға офицері С.Козбаков әшкереленді» деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметіндегілер.

«С.Козбаковтың Қостанай адвокаттары алқасының адвокаты Е.Мұхамеджанованың делдалдығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ аймақтық филиалының өкілінен қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін және жалпы жебеушілік көрсету үшін 3 миллион теңге пара алғаны анықталды» деді Антикоррупция қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта С.Козбаков ұсталып, Рудный қалалық ІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *