Алдағы төрт жылда Астанада 40 мың пәтер салынады

Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Айта кеткім келеді, 2007 жылы тұрғын үй кезегінде 7 мың адам тұрды, қазір кезекте 44 мың адам тұр. Тек былтырдың өзінде 6 мың адам кезекке енді. Баспанамен барлығын қамту өте қиын. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тұрғындарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын қабылдады. Біз қала аумағында бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатырмыз» деді әкім.
2017-2021 жылдар аралығында 40 мың пәтер пайдалануға беріледі деген елорда әкімі:

«Олардың ішінде бюджет есебінен құрылыс басқармасы желісі арқылы 8 мың пәтер, арендалық — 2300, несиелік — 6 мың және қалған 7-8 мың пәтер келесі жылдан бастап жыл сайын пайдалануға беріле бастайды. Жеңілдікті ипотекалық несиелендіру есебі бойынша, Тұрғын үй жинақ банкі желісі арқылы пәтердің шаршы метрінің құны 230-300 мың теңге аралығында болады. Ең алдымен кезекте тұрған азаматтар баспанамен қамтылады», — деді ол.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *