Таспа

Monthly Archives: қазан 2017

Торғайдағы берекелі күн

Кеше Торғай халқы берекеге шомылған мерекелі күн болды. Торғай кентіндегі Оспан қожа əулие мешіті қайта жаңғыртылып, Жаркөлде елді имандылыққа ұйытар намазхана ашылды. Осынау игілікті шараның басы-қасында жүру бақыты бұйырып, туған жерге барып қайттым. Ең алдымен Торғай мешіті туралы айта кетсек. Бұл имандылық ордасының ел тарихында орны зор. Қазақстан азаттығын жариялағаннан кейін салынған алғашқы рухани орын. Оның құрылысына сол кездегі өңір ...

Толығырақ »

Торғайдағы келелі істер немесе «Жеріне ағаш емес, Адам өскен жер»

  Бәріміз де ауыл баласымыз, мен де Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы бұрынғы «Еңбек» кеңшарының орталығы Көкалат ауылындағы Албарбөгет орта мектебінде оқыдым. Ол кездері бір жылғылардың 2 не 3 сыныптары болатын. Нақты есімде қалғаны 1990  жылғы аталған Албарбөгет мектебін бітірген кезде жалпы санымыз 46 ұл-қыз едік, кейбірі 8 жылдықты аяқтап кәсіптік білім беру мекемелерінде оқып, еңбекке ерте араласты. Әйтеуір жақсы жері ...

Толығырақ »

Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!

Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?.. Екіншіден, ...

Толығырақ »

Ауылдағы алты әңгіме

I әңгіме «Арсыз жеңдім дейді, бейбақ көндім дейді» — қазақ мақалы! Сонымен, 5 қазан күні Астана-Арқалық бағытына жүретін поезға отырып, елге тарттым. Әуелі көлікпен шығатын болып едім, 6 күні сағат 15.00 өтетін қоғамдық тыңдаулардан қалып қоярмын деген қауіппен ол ойдан бас тарттым. Себебі көлік сынуы мүмкін, ауа-райының қолайсыздығы тағы бар және жолда бензиннің өзі қат деген ақпарат жеткен болатын. Және ...

Толығырақ »

Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..

Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар.  Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта

  (Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай.   Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта.   Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің.   ...

Толығырақ »