Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!

Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?..

Екіншіден, тіршілік көзі мал болып отырған Торғай елі ертең полигонның ортасында отырса, қалай күн көреді, қайда барады?! Оларға мемлекет тарапынан қандай қолдау болады?..

Үшіншіден, менің түсінбегенім, неге Ресейге жер бердік?! Ресей жер көлемі жөнінен әлемде бірінші орында. Жері көп игерілмеген. Ресей жерінің үштен екісінде халқының 5% ғана тұрады. Неге бос жатқан, халқы аз жерлерін полигон жасамайды?..

Төртіншіден, жылына төленетін 151 млн теңге мазақ па?! Бұл — Астананың сол жағалауындағы элиталық үш-төрт бөлмелі бір пәтердің құны. Бір элиталық коттеждің бағасына да жетпейді.

Бесіншіден, Ресей ақша береді дегенге күмәнім бар. Себебі, Ресейдің 2017 жылғы қажеттілігі 16 трлн рубль болса, оларда кіріс 13 трлн рубль ғана болды. Санкцияның қыспағындағы Ресейдің өзінде қаржы жетпей жатқанда бізге береді дегенге сену қиын.

Алтыншыдан, жыл басынан бері бүгінгі 11 қазанға дейін 146 млн халқы бар Ресейде халық саны 46 мың адамға ғана өсті, ал 18 млн халқы бар Қазақстан 210 мың адамға өсті. Оның ішінде қазақтардың үлесі, өсу қарқыны өте жоғары. Осы арада бір астыртын саясат жоқ па деп ойлайсың.

Ең бастысы, Торғай еліне полигон керек емес!

Құрманғали ДӘРКЕНОВ,

тарих ғылымының кандидаты, профессор

(Фейсбуктегі парақшасынан)

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *