Кәмшат Дөненбаева туралы кітап жарық көрді

Қостанайда даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева туралы кітаптың тұсауы кесілді. Жиынға Кәмшат Байғазықызының ұлы мен жеңгесі, көз көрген замандастары келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Еңбек Ерінің кісілік қасиеттерін еске салды. «Кәмшат Байғазықызының бейнесі жүрегімізе мәңгі сақталады. Ол кісі жүрген жерінде халқымыздың амандығын тілеп отыратын. Тың ардагері, ардақты ана қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмады. Тіпті, 2016 жылы облыстық мештті ашқанда соның басы-қасында жүрді. Елбасының Жолдауын тұрғындарға түсіндіру кезінде де Кәмшат апаның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Бір ерекшелігі, апамыз басынан ақ орамалын тастамады. Ол кісіні ғасырда бір туатын тұлғалардың бірі деп есептеймін. «Таулардың биіктігі алыстаған сайын білінеді» деген қазақта әдемі сөз бар. Осы сөз апамызға арналып айтылғандай. Кәмшат Байғазықызының есімі ешқашан ұмытылмайды» деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов көктемде Қостанай қаласында Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашылатынын айтты. Қазіргі уақытта атақты механизатордың бюсті жасалып жатыр.

Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов «Кәмшат» кітабының авторларына алғысын білдірді. «Кәмшат» кітабы авторларының бірі — белгілі журналист Қыдырбек Қиысхан. Оның сөзінше, кітапта Кәмшат Байғазықызы туралы естеліктер топтастырылған.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Қаратаудың қара бекетіндегі қыс

(әңгіме) Бұл – 1917 жылдан кейін болған оқиға. Қаратаудың солтүстігіндегі Бетпақдаланың арғы бетіндегі көтерілістің у-шуы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *