Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде жас жігітті пышақтап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше Қостанай қаласында болған. «29 жастағы ер адам 23 жастағы жігітке пышақ жұмсаған. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Полицейлер күдіктінің «ізін суытпай» қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.