29.11.2018

Ғафудан қалған сөз еді

Мен қазақтың қанатты ақыны Ғафу Қайырбековтің өмірдегі, өлеңдегі інісі ретінде де, бір өзеннің суын ішіп, бір топырақты басқан туысы тұрғысынан да көп араласып, көп сырласқанымды ел біледі. Сексенінші жылдар ішінде Ғафе­кең­мен «Жұлдыз» журналында қызмет істеудің нәтижесінде ол кісінің көп әңгі­мелерін тыңдап, көкірегімде сақтап, жадымда қалдырған жайым бар. Ғафекеңнің осынау 90 жылдық торқалы тойында Ғафе­кеңнен естіген әңгіме­лерін елге жеткізгенді жөн санадым. ...

Толығырақ »

Қостанайлық студенттер әйелдерді жәбірлеуге қарсы

Қостанай политехникалық колледжінің еріктілері әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа өздерінің қарсылығын флэшмоб арқылы білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап.  Студенттер бұл шараға тиянақты дайындалыпты. Өздерімен бірге «Әйелдерге зорлық-зомбылық тоқтатылсын!» деген жазуы бар плакат алып шықты. Флэшмобтың би қимылдарын үйренді. Студенттерге мұндай флешмоб өткізу идеясын әйелдерді жәбірлеуден қорғап жүрген полицейлер берген екен. «Биыл біздің акцияға тұрмыстық озбырлық, зорлыққа қарсы жігіттер қыздармен ...

Толығырақ »

ҚМПУ-ге академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды. Мұнан соң өңірдің зиялы қауым өкілдері университетке қазақтың ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Күні кеше білім ордасына Астанадан қуанышты хабар жетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №754 ...

Толығырақ »