09.11.2018

Қай пәнге басымдық беруді мектептер өздері шешеді

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева енді білім ордалары қандай пәнге басымдық беруді өздері шешетінін мәлімдеді деп хабарлады tobyl-torgai.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. ҚР Парламенті Сенатында өткен Үкімет сағатынан соң вице-министр журналистерге білім беру саласындағы реформаларды түсіндірді. Ол мектептерге енгізіліп жатқан типтік оқыту бағдарламасының маңызына тоқталды. «Біз типтік оқыту бағдарламасын әзірлеп, мектептерге бердік. Осылайша, білім ордалары оқыту бағдарламасын өздері таңдайды. Мысалы, ...

Толығырақ »

АрқМПИ-да студенттерді қабылдау шарасы өтті

Жақында Арқалықтағы Жас көрермендер театрында дәстүрлі «АрқМПИ студенттер қатарына қабылдайды» іс-шарасы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Онда АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев құттықтау сөзі сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Сондай-ақ 1-курс студенттеріне студенттік куәлікті ресми түрде табыс етті. Бірінші курс студенттерін құттықтау үшін педагогикалық институттың талантты бишілері мен әншілері сахнаға шықты. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында оқу — бұл тек дәрістер, семинарлар, тест және ...

Толығырақ »

Қостанайда өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сабақ береді

Қостанай облысында бүгінде қазақ тілін меңгеріп, тіпті осы пәннен сабақ беріп жүрген өзге ұлт өкілдері бар деп хабарлайды timepress.kz желілік басылымы kaztrk.kz-ке сілтеме жасап. Римма Афанасьева Жітіқара ауданында дүниеге келген. Өскен ортасында қазақша сөйлейтіндер мүлде болмапты. Орыс мектебінде оқыған. «Қазақ тілін меңгеруге өзімнің қызығушылығым мен осы пәннен сабақ берген ұстазым себеп болды» дейді ол. «11-сыныпты бітірген кезде «Мен қандай пәнді ...

Толығырақ »

Білім беру саласына сандық технологиялар енгізіліп жатыр

Биыл Қостанай облысында денсаулық сақтау және білім беру нысандарының интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 432,5 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде қалалық және ауылдық мектептердің 85 проценті, сондай-ақ, медициналық мекемелердің 93 пайызы интернет желісіне қосылатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Сондай-ақ аймақтың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи жабдықтармен ...

Толығырақ »