ҚР Білім және ғылым вице-министрі дарынды балалармен кездеседі

6 желтоқсан, яғни ертең ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздары — дарынды балалармен кездеседі. Кездесуге республикалық және халықаралық пән олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары, жалпы саны 42 оқушы шақырылды. Сонай-ақ кездесу бағдарламасына сәйкес «Нұр Әлем» Ұлттық павильонында экскурсия ұйымдастырылады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, тәуелсіздік жылдары республикамыздың дарынды балалары әлемдік аренада Қазақстанның беделін жоғары деңгейге көтерді. Математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда қазақстандық оқушылар үздік көрсеткіштерге қол жеткізген. Қазақстандық дарынды балалар жалпы 11292 медаль жеңіп алған, оның ішінде 2335 алтын, 3476 күміс, 5146 қола және 335 мақтау грамотасы. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен халықаралық беделді олимпиадаларға қатысып, Қазақстан құрама командасы әлемде 10-орынды иеленді.

Өтетін орны мен уақыты:

2018 жылғы 6 желтоқсан, сағат 11.00-де,  EXPO-2017: ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОН «НҰР ӘЛЕМ» – лекторий, 4-қабат.

Журналистерді аккредиттеу үшін:

pressa.edu@gmail.com. Маржан: 8 702 448 08 38, Арман: 8 702 725 97 13.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысының ғылыми әлеуетін дамыту: Аризона университетімен кездесу

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы – шетелдік дамыған ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, өңірлерде ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *