Елбасы: Торғай облысындағы (өңіріндегі — ред) іске қосылған зауыт елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Арқалық қаласындағы ет комбинатын іске қосқаны белгілі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телекөпір барысында «Торғай Ет» ЖШС директоры Расул Мұқанов Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет қолдауымен Торғай өңірінде ет өңдеу кешені тұрғызылғанын айтты. «Кәсіпорын жылына 3 мың тонна ет өңдеуге дайын. Алдағы уақытта қуаты жылына 5 мың бас болатын мал бордақылау алаңын саламыз. Осылайша, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында өңіраралық кооперация аясында ет кластерін дамытатын боламыз. Құрметті президент, ауыл шаруашылығы мамандарының кезекті рет қолдап, осы саладағы үш жаңа жобаны іске қосуға рұқсат етіңіз», — деді ол.

«Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы — үлкен саланың бірі. Болашақта үлкен үміт күттіретін өндіріс. Менің ылғи айтып жүргенімдей, Қазақстанның жері де кең, мүмкіндігі де бар. Кен байлығы ғана емес, жер үсті байлығы да жеткілікті. Егер де біз осы өндірісті ұлғайтатын болсақ, экспорттық жағдайымыз күшейеді. Қазақстанға түсетін қаражат көбейеді, елдің байлығына жұмыс істейтін болады. Сондықтан мына үш өндірістің үшеуі де өте қажет. Әсіресе, қазір жағдайы қиындап тұрған Торғай облысындағы (өңірі – авт.) іске қосылған зауыт елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын. Ет те, сүт те, өңдеу де қажет. Өте жақсы жұмыс істедіңдер, тындырдыңдар. Рахметімді айтамын. Іске қосайық!» — деп рұқсатын берді Елбасы.

Айта кетейік, ет комбинатын салуға 2 млрд теңге қаржы жұмсалды. Ол үш ірі цехтан тұрады. Бірінде мал сойылады, екіншісінде шұжық өнімдері, үшіншісінде қалбырдағы бұқтырылған ет дайындалады. Тәулігіне 10 тонна өнім дайындайтын қуаты бар. Толық қуатында жұмыс істегенде күніне 3 тонна бұқтырылған ет, 3 тонна шұжық өнімдері және 4 тонна сапалы ет дайындайтын болады. Әзірге 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өндіріс толық қуатына көшкен кезде жұмысшылар санын 120-ға жеткізу жоспары бар. Ал келер жылы салынатын мал бордақылау алаңына 1 млрд қаржы бөлінгелі отыр.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Түркияда жаһандық туризм өкілдері бас қосады

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *