Арқалықта автобус қар құрсауында қалып қойды

Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Арқалық — Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған.

«Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ауылына қайта оралды. Құтқарушылар шынжыр табанды тартқыш арқылы «УАЗ» автокөлігімен Арқалық қаласына 11 адамды аман-есен жеткізді» деді департамент өкілдері.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *