Арқалық қаласы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтейтін түрмесімен де әйгілі. Жақында мұнда алғаш рет әйел адам түскен. Бұл — түрме тарихында алғаш рет кездесіп отырған жағдай.
Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл — қатаң режімдегі түрменің тарихындағы бірінші жағдай. Сотталған қыз ҚР ҚАК 96-бабы бойынша жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот қаулысы негізінде толық қауіпсіздік мекемесіне келді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Белгілі болғандай, бойжеткен қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған.