ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс» деп жазды Президент.
Толығырақ »Monthly Archives: шілде 2019
Қостанай облысы толықтай цифрлық хабар таратуға көшті – Зәуре Байменова
Қостанай облысы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова журналистермен өткен брифингте өңірде аналогтық теледидар толығымен ажыратылғанын айтты. «1 шілдеден бастап Қостанай облысы цифрлық хабар таратуға толық өтті. Енді шалғай ауыл тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Бұған дейін халық арасында ақпарат-насихат жұмыстарын жүргіздік. Қостанай облысында ...
Толығырақ »Қостанайлық өнерпаздар қойылымнан түскен қаражатты Арысқа аударды
Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры өзінің ХІХ маусымын қорытындылады. Шығармашылық ұжым өткен кезеңді жемісті аяқтап отыр. Маусым бойынша 7 премьера көрерменге жол тартты. Театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі театр маманы Әлия Баймаханның айтуынша, биыл репертуарда тың туындылар көбейіп, фарс, реквием жанрларында қойылымдар сахналанды. «Бұл — жаңа деңгейге шыққанымыз. Бірнеше әріптесіміз лайықты марапаттар алып, төсбелгі тақты. Гастрольдік сапармен Өзбекстанға барып, Түркістан облысын ...
Толығырақ »Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары ұрланды
Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары (гербицид) ұрланды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады. Гербицидтер Варваров елді мекеніндегі қоймадан қолды болды. Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген. Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион тенгеден асады. Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қүдікті ұсталған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ...
Толығырақ »Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардың несиесі қалай азайтылатынын айтып берді
Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардың кредитін азайту шаралары қалай жүретінін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстан Президенті биылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Онда үш негізгі бағыт қамтылған. «Осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар ...
Толығырақ »