Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары (гербицид) ұрланды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.
Гербицидтер Варваров елді мекеніндегі қоймадан қолды болды. Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген. Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион тенгеден асады. Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қүдікті ұсталған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемдегі ұрлық» бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұрланған гербицидтер иесіне қайтарылды.