Monthly Archives: тамыз 2019

Арқалық түрмесіндегі жалғыз әйел жазасын қалай өтеп жатыр?

Арқалықта аса қауіпті қылмыскерлер түрмесінде жазасын өтеп жатқан жалғыз әйел сот белгілеген мерзім аяқталғанша сол колонияда қалады. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков айтты деп хабарлайды sputniknews.kz. «Сотталған әйел тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен ауыстырылды. Ол сот белгілеген мерзім аяқталғанша жазасын өтейді. Содан соң кейін қайтарылады. «Ерлер колониясында» жеке камерада отыр. Тағы да қайталап айтайын: бұл ...

Толығырақ »

Іргемізді бекітпесек болмайды немесе естір құлақ болса, бізден де бір кеңес

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болыпты (1991 жылы). Қазіргі деректерге қарасақ еліміздегі халық саны 18,5 млн-ға жуықтап қалыпты. Яғни, өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. болып тұр ғой, бұл дегеніңіз өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, дегенмен тарихи отанына кеткен жұрттардың саны да едәуір еді. Мысалы, СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарының 30 жыл ...

Толығырақ »

Алтын Дала

«Алтын Дала»! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні түс кезінде Амангелді кентінен «Алтын Дала» резерватының «Ұлы Жыланшық» учаскесіне бағыт алдық. Жалпы, резерват Қазақстанда құрылған қорықтардың ішінде еліміз тәуелсіздік алған жылдары құрылған резерваттардың бірі. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы қазақ мектебі жайы туралы

Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Мен оны әрі жалғастырып, бала тәрбиесінің отбасына, ошақ-қасына, ал білімінің мектепке де қатысы бар екенін айқым келеді. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.» депті ...

Толығырақ »

Тарихи 26 тамыз жайында

26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің советтік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру жөнінде арнайы Декрет шығарған еді. Бұл Ресей патшалығы жойған елдігімізді жаңа тұрпатта жаңғыртуға тырысқан ...

Толығырақ »

Құпиясын қойнына бүккен Дуана тамы

Менің түсінігімде диуана (дуана) деген ел кезген, жер кезген, дүниеден баз кешкен адамды айтады және ол дінді де таратушы, былайша айтқанда дін жолында өзін құрбан қылған, «темір етігі теңгедей, темір таяғы тебендей» болған жанды көзге елестетемін. Мұны еске алып отырғаным, біздің Ұлытаумен шектес Торғай жерінің басын Ұлытаудан алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойында Дуана атты кесене бар. Осыдан үш жыл бұрын ...

Толығырақ »

Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінің толық мәтінін таратты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі Құрметті Форумға қатысушылар! Қасиетті Ұлытау жеріне қош келдіңіздер! Бұл – бүкіл Қазақ елі қадір тұтатын қастерлі өлке. Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытауда» ...

Толығырақ »

Абайды жатқа оқитын қыз (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 9 жастағы мектеп оқу­­шысы Ләйлім-Шырақтан қазақтың бас ақыны Абай Құнан­байұлының өле­ңін оқу эстафетасын қабылдап, жал­ғастырғаны сол еді, өзгелер де челленджге жаппай атсалысып жатыр. Бұдан Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те қалыс қалған жоқ. Ол да ақын шығармасынан үзінді оқып, эстафета тізгінін Татьяна Ситникова есімді бойжеткенге жолдаған болатын. Хош.  Әкім Таняға бекер жолдамаған екен. Ол мемлекеттік тілді ...

Толығырақ »

Қарабалық ауданында өрт шықты

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт шықты деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ» деп мәлім етті департаменттен. Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.    

Толығырақ »

Тасты ауылы «тастанды» болды ма?..

«Тасты ауылы жабылады» деген аудиожазба тарап жатқаны белгілі. Бәрі де Елбасының күні кешегі «Нұр Отан» партиясының жиынында «паразит ауылдарды көшіру» туралы мәлімдемесінен кейінгі қауырт қолға алынған шаруа сияқты. Бірақ «болашағы жоқ ауыл» деген критериі қалай анықталады? Оны түсіндіріп беретін жан бар ма?» деп жазады журналист Бақытнұр Әлібай Фейсбуктегі парақшасында.  Әңгімеге арқау болған Тасты ауылына тоқталсақ. Бірнеше шаруа қожалығы бар, 1 ...

Толығырақ »