Қостанай облысында жұмысшы мамандар жетіспейді

Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 9 млрд теңге бөлінді. Қазір бұл соманың 6,5 млрд теңгесі игерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде аталған бағдарлама шеңберінде 25 мың адам жұмысқа орналасып, арнайы білім алды. Оның 85% — жұмыссыздар болса, қалғандары – өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Басқарма мәліметіне сүйенсек, бизнесті дамыту үшін шағын несие беру мүмкіндігі мол. Облыста тек осы мақсатта 1,3 млрд теңге бөлініп, толықтай игеріліп, кейін Ұлттық қордан үстеме 250 млн теңге қосылған. Мамандар межелеп отырған нәтижелер олқы емес. Мәселен, шағын несие беру арқасында қалаларда 67 стартап-жоба іске асқан. Бұған қоса мемлекеттік жобаларды орындауда өзге облыстардан келген тұрғындардың үлесі басым.

«Жалпы, өткен үш жылда бағдарлама аясында облысқа 1730 қоныс аударушы және 1421 оралман келді. Облыс бойынша 6 мыңға жуық жұмысшы, механизаторлар, жүк машиналарының жүргізушілері, құрылысшылар, аспаздар, мұғалімдер мен дәрігерлер сұранысқа ие. Әсіресе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан көшіп келген азаматтар көбірек болды. Осы жылы облысқа елдің оңтүстік өңірлерінен 595 қоныс аударушы және 815 оралман шақыртылды. Қазір солардың ішінен экономикалық тұрғыда белсенді 300-дей адам жұмысқа орналасып, баспанамен қамтылған және көтерме ақы алған», — дейді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова.

Шағын несиелендіру әйелдер арасында да белсенді жүруде. Қалалардағы барлық кәсіпкерлердің ішіндегі нәзік жандар үлесі 49%-ға тең. Соңғы жылдары бағдарлама аясында басты назар тұрмысы төмен отбасыларға ауған. Мұндай отбасы мүшелеріне де басыбайлы бизнесін ашу үшін шағын несие беріледі.

 

Түпнұсқадағы тақырып: «Қостанай облысында қандай мамандар жетіспейді»

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *