Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұнның наны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Соның салдарынан тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден 30 мың теңгеге дейін өсті. Сол себепті өңір әкімі әлеуметтік нан бағасын өсірмеу үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды.
«Биыл астық түсімі төмен болғанын жақсы білесіздер. Соған байланысты аймақта азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 882 млн теңге жұмсалды. Біз наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін тағы 300 миллион теңге бөлдік. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады. Аудан-қала әкімдері осы мәселеге айрықша назар салуы қажет» деді Архимед Мұхамбетов.
Еске салсақ, күні кеше облыс әкімінің қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өткен болатын. Жиында облыс бойынша 4,7 миллион гектар алқапқа дән егілгені айтылды.
Түпнұсқадағы тақырып: «Қостанай облысында нан бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді»