Елімізде несиелер тағы да кешіріледі

Елімізде 57 мыңға жуық азаматтың несиесін жабуға мемлекет көмектесуі мүмкін. Бұл мақсатқа, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 9,4 млрд теңге сұралып отыр. Бұл туралы sknews.kz хабарлады. 

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 санаттағы әлеуметтік осал топқа несие жеңілдігі жасалды. Бұл — бірреттік акция. Дегенмен, науқан ресми нормативтік-құқықтық құжаттар тұрғысында 5 қыркүйек аяқталғанымен, көптеген азамат бізге хабарласып жатыр. Сондықтан (құжат) қабылдауды әлі аяқтаған жоқпыз» деді Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр.

Бұл тұста туысқандық қатынастарды айғақтайтын құжаттардың болмауы кедергі келтірген. Осылайша, екі ай бойы жұмыс жүріп, 1 қарашаға дейін қосымша несие жеңілігіне иек арта алатын 57 мың адамның мән-жайы анықталған. Егер құжат мәселесі толық шешімін тапса, жылдың соңына дейін тиісті тізім аясында несиесі мемлекет тарапынан өтеліп берілмек.

Бұған дейін жазғанымыздай, министр айтқан 5 санатқа есейіп кетпеген 4 баласы бар көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар және жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар енді.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *