Қостанай облысына биыл 1700-ге жуық адам қоныс аударады

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар.

«Қостанайға қоныс аударушылардың дені – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарынан. Ал қандас ағайындар Өзбекстан мемлекетінен келеді. Көшіп келуші азаматтармен әлеуметтік келісімшарттар жасалуда. Көшуге, тұрғын үйді жалға алуға немесе сатып алуға субсидия төленеді. Экономикалық белсенді деген қандастар мен қоныс аударушылар жұмысқа орналастырылады. Өткен жылы Қостанай облысында 1700-ге жуық қоныс аударушы мен оралман тұрақты орын тапты» деп мәлімет берді басқармадан.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *