Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанай қаласында өткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, биылғы футбол маусымы 29 ақпанда өтетін суперкубок ойынымен басталады. Бұл бәсекеде былтыр чемпион атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогына қол жеткізген Қызылорданың «Қайсар» командалары кездеседі. Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» манежінде өтеді.
Сондай-ақ 2020 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ойын күнтізбесі жасалды. Алғашқы тур 7 наурызда өткізіледі.
Бұл күні «Астана» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Ертіс», «Ордабасы» мен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Тараз», «Тобыл» мен «Шахтер», «Каспий» мен «Жетісу» командалары кездеседі.
Бұдан бұрын «Қайсарға» Кабо-Верде құрамасының ойыншысы келгенін хабарлаған едік.