«Көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, тек шығыны көп»

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе — шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге қатысқан азаматтардың сұрақтарына Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов пен Nur Otan партиясы Қостанай филиалы төрағасының орынбасары Эльдар Күзенбаев жауап берді. Сұрақтардың дені шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу мәселесіне қатысты болды.

«Шетелден сатып алынған әрбір автокөлікке жеке қарау керек. Біздің тарапымыздан қандай да бір жазалау шаралары қолданылмайды. Егер жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса ғана жауапқа тартамыз. Заң бәріне ортақ» деп түсіндірді полиция полковнигі.

Алайда, бастамашы топ өкілі Диас Нұрмағамбетовтің айтуынша, бұл мәселені Мемлекет басшысына жеткізуді сұрайды.

«Біз көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, тек шығынның көп екенін айтқымыз келеді. Біз тағы да Полиция департаментінің өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізуге дайынбыз» деп атап өтті ол.

Эльдар Күзенбаев қазір Nur Otan партиясы облыстық филиалының фракциясы осы мәселеге қатысты хат дайындап жатқанын, жақын арада орталық аппаратқа жіберілетінін ескертті.

Анатолий есімді облыс орталығының тұрғыны Ресей тұрғынына рәсімделген автокөлікті жүргізіп жүргенін айтты. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский аталған көлік Қазақстан аумағында 1 жыл 30 тәулік ішінде шекарадан шығуы керегін айтты.

 

Түпнұсқадағы тақырып: «Шетелде есепте тұрған автокөлік иелері полицейлермен кездесті»

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *