Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында «Иволга Холдинг» ауылшаруашылық кәсіпорнын басқарған қостанайлық кәсіпкер В.Розиновке қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салайық, «Иволга Холдинг» ЖШС бұрынғы басшысы Василий Розиновке аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Бүгінгі сот отырысы ашық түрде өтті. В.Розинов өзінің қызметтік жағдайын, кәсіпкерлік беделін пайдаланып, қаржы институттарының сеніміне қиянат жасай отырып, өз мүдделерін көздейтін қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған болатын. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен Василий Розинов кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Сотталушыға қатысты пробациялық бақылау орнатылды. Оған елден шығуға, көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды.