«140 теңгеге дейін арттыруды сұрадық»: Қостанайда жолақы тарифі қымбаттай ма?

Қостанайлық жолаушылар тасымалдаушы компанияларының басшылары жолақы құнын өсіруді сұрап, әкімдікке өтініш жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанайдағы қалалішілік автобустарда жол жүру құнын көтеру мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп жүр. Тасымалдаушы кәсіпорындар тарифтің төмендігінен зардап шегіп отырғандығын айтып, шағымданудан жалығар емес. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында бұл мәселе тағы алдан шықты.

«2015 жылы Инвестициялар және даму министрлігі жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындардың шығындарын өтеу ережесін бекіткен. Осыған сәйкес әкімдік бекіткен тариф нақты жол жүру құнынан әлдеқайда төмен. Мәселен, қазір Қостанайда жол жүру құны 80 теңге. Біз мұны 140 теңгеге дейін арттыруды сұрадық» дейді автобус жүргізушісі Андрей Чеботько.

Қостанайлық жолаушы тасымалдаушылар ескі машина паркін жаңарту үшін қомақты қаржы қажет дейді. Өңірдегі 386 автобустың 97 пайызы жеті жылдан артық пайдаланылған. Жолақы өсірудің бір себебі – осы тозығы жеткен көліктерді жаңарту. Өткен жылдың қазан айында Үкімет басшысы әкімдіктерге тарифтік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру үшін 2020 жылға қаражат бөлу мәселесін қарастыруды тапсырған. Енді бұл жолақыны қымбаттату немесе тиісті бағада ұстап тұру әкімдікте өтетін жиында қаралмақ.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *