Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген

Қостанай облысында азық-түлік қоры 64,2 тоннаға жетті. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста негізгі азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Өңірде арнайы құрылған тұрақтандыру қоры тұрғындарды бірнеше ай бойы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы.

«Облыстағы азық-түлік қоры 64,2 тоннаға жетті. Ұн, макарон және нан өнімдерін өндіру көлемі облыс халқының жылдық қажеттілігінен 10 есе артық, ал сиыр еті – 1,3, сүт – 1,7, өсімдік майы 1,4, жұмыртқа – 1,5, картоп 2 есе көп. Бұдан бөлек, өңірлік тұрақтандыру қорында 6,6 мың тонна азық-түлік қоры бар. 19 әлеуметтік маңызы бар тағамның ішінде тек екі тауар — қант пен тауық етін сатып аламыз, қалған тауарлар жергілікті өндіріс тізімінен импортталады. Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік үнемі толықтырылып отырады» деді басқарма басшысы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде күріш, тауық еті, айран, сүзбе, жұмыртқа, күнбағыс майы, қант бағасының төмендеуі байқалады. Ал жыл басынан бері пияз бен картоп, сәбіз бен арпа өнімдері 5%-ға қымбаттаған.

«Қазір тауық еті 16,4%-ға қымбаттап кеткен. Бағаның өсуі рубль және доллар курсының жоғарылауына байланысты. Сондай-ақ жемнің, ветпрепараттардың және өндірістің өзге де шығындарының құны әсер етеді. Облысқа АҚШ пен Ресейден 10,3 мың тонна құс еті әкелінген. Баға өсуінің тағы бір себебі, аудандар мен қалалардың әкімдіктері жеткілікті бақылау жасамай отыр. Тауар құнын ұстап тұру бойынша тиісті түрде жұмыс жүргізілмейді. Мысалы, Әулиекөл ауданында 1 сортты ұнның бағасы 118 теңгеге жеткен. Бұл шекті, белгіленген бағадан асып отыр. Меңдіқара, Қостанай аудандарында дәл осы ұн келісіне 100 теңгеден сатылады» деді Ж.Тәукенов.

Облыс әкімі аудандар мен қалалардың әкімдеріне азық-түлік бағасын сақтау және негізсіз қымбаттатпау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру туралы меморандумдар және делдалсыз тікелей өнім жеткізу туралы шарттар жасасу әкімдердің құзырында.

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *