Қостанай облысында 3000 адамға азық-түлік себеті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан #Birgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов дәрігерлерге медициналық заттарды табыс етті. Облыс дәрігерлері жалпы сомасы 35 млн теңге болатын 7 мың арнайы KN95 кәсіби маскасын, 3 мың бір реттік қорғау костюмдерін және 120 ...
Толығырақ »28.04.2020
Ауа райы болжамы: Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі
Синоптиктер 29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райы бұзылады деп болжайды. Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, ...
Толығырақ »Бразилия коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін — ғалымдар
Сан-Паулу ғалымдары Бразилияның коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News.ru басылымына сілтеме жасап. Ғалымдардың мұндай шешімге келуіне президент Жаир Болсонарудың коронавирусқа қатысты мәлімдемесі себеп болған. «Бізде пандемияның жаппай таралуы үшін барлық жағдай жасалған» дейді Сан-Паулу университетінің вирусологы Пауло Брандао. Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 67 446-ға жеткен. Ал қайтыс болғандардың саны — 4 603.
Толығырақ »Өңірде коммуналдық тарифтер қызметі арзандады
Алдағы күндері Қостанай облысында жылу беру маусымы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін өңір басшысы қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы қаралды. «Облыс аудандары жылумен қамтамасыз етуден ажыратылады. Жалпы ағымдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тіршілікті қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындар, облыстың әлеуметтік сала объектілері тұрақты ...
Толығырақ »Карантин режімі үш кезеңмен жеңілдетіледі — Архимед МҰХАМБЕТОВ
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтағы шектеу шараларын жеңілдетуге байланысты үндеу жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біздің облыста 3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталған жоқ. Бұл аз болса да оң нәтиже. Бұған біздің облысымыздың әр тұрғынының шыдамдылығы мен парасаттылығының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің әрқайсыңызға жеке жауапкершілікпен шектеуді сақтағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. ...
Толығырақ »