Президент Қостанай облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды ҚазАқпарат  Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы ҚР Президентіне коронавирусқа қарсы күрес, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды іске асыру барысын баяндады. Сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тың жұмыс режиміне біртіндеп шығуын қамтамасыз ету, егіс жұмыстары және «Жұмыспен қамтудың Жол картасын» іске асыру бойынша Президент тапсырмаларын іске асыру барысы жайында есеп берді. Бүгінде өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 жағдайы тіркелген, 1 адам қаза тапты. Қостанай облысында инфекцияның алдын алу мақсатында 1 228 медициналық төсек-орын жабдықталған.

«Алдын ала бекітілген алгоритмге сәйкес коронавирустық инфекцияның бар-жоғына 3376 зерттеу жүргізілді. Үй карантиніне 1068 адам орналастырылды. Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында шектеу шараларын қатайту арқылы карантин режимі енгізілді. Карантин режимін 29 блокпост, 33 мобильдік патруль және 300-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Алғашқы екі күн ішінде полиция халық арасында карантиндік шараларды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Содан кейін ТЖ режимін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдана бастайды. ТЖ режимі басталғаннан бері 408 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы қамауға алынды. Қостанай облысы көктемгі егіске толық дайын. Жақын күндері жер өңдеу, ылғалды жабу жұмыстары басталады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары толық көлемде (528 мың тонна) тұқыммен қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс жұмыстарына 22,9 мың трактор, 1032 егіс кешені жұмылдырылмақ.Техника 100% дайын. Облыс бойынша 71 мың тонна арзандатылған ЖЖМ бөлінді, жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады», — деді өңір басшысы телефон арқылы.

Облыста Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шамамен 54 млрд теңге бөлінді, 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Аймақ басшысының есебін тыңдаған Президент оған бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *