«6718 жұмыссыз азаматтың тізімі бар»: Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен селекторлық кеңес өтті

Қостанай облысының макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте мәлім етілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, өнеркәсіп өндірісі 19,8%, ауыл шаруашылығы 2%, инвестициялар 8,7%, құрылыс 8,4%, тұрғын үйді пайдалануға беру 5,4%, бөлшек сауда 5,5%-ға ұлғайған. Нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,8%-ға тең.

«Машина құрастыру өндірісі 2,5 есеге, металлургия 29,0%-ға, тамақ өнімдері 18%-ға ұлғайды. Тау-кен өнеркәсібінде де өсім байқалады. Сала кәсіпорындары 127,7 млрд теңгеге жуықтайтын өнім шығарған. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығында 33,7 млрд теңге. Осы уақытта облыс экономикасына 56,8 млрд теңге инвестиция тартылды» деді Гүлбарам Мұсағазина.

Аймақта бизнес өкілдерін қолдау шаралары жалғасуда. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға осы жылы 2,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Қазірдің өзінде бағдарлама аясында 2,4 млрд теңгенің 45 жобасы мақұлданды. Оның ішінде 28 жоба субсидиялауға өтсе, 17 жоба кепілдендіру бағдарламасы арқылы іске асады.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша Жол картасы бекітіліген. Соның аясында 275 инфрақұрылымдық жобаның тізімі жасалды. Нәтижесінде елді мекендерді абаттандыруға 53,7 млрд теңге жұмсалады. Жалпы Жол картасы шеңберінде 13435 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша 6718 жұмыссыз азаматтың тізімі бар» дейді басқарма басшысы.

Өңірде нәтижелі жұмыспен қамту, «Еңбек» бағдарламаларының іске асырылуында іркіліс жоқ. 2020 жылы бағдарламаның орындалуына 8,4 млрд теңге бағытталады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *