Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Қостанай облысы Амангелді елді мекенінде болған.
17 мамырда бала облыстық балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілді деп хабарлады аймақтағы «Алау» басылымы.
«Бас сүйек-мидың ауыр жарақаты анықталды. Бас сүйек сынған, эпидуральды гематома, кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Баланың қалай жарақат алғаны бізге белгісіз» деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, бала есін жимай, бір тәуліктен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.
фото: alau.kz