09.05.2020

Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 мамырда Қостанай және Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік- шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.        

Толығырақ »

«Жігері жасымаған» «Жігер»: Арқалықта 45 жыл бойы жөнделмеген стадион жаңғыртылады

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арқалық қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің құзырындағы «Жігер» стадионы биыл толық жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. 1975 жылы іргесі қаланған нысан осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген. Тек 2017 жылы стадиондағы футбол алаңы ауыстырылған. Алаң жиегіне жасанды төсеніштер мен жүгіру жолақтары орнатылды. Стадион қазір 5000 адамды ...

Толығырақ »

Қостанай облысының диқандарын қолдауға 19 млрд теңге бөлінді

Бүгін облыс әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары жөнінде кеңес өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл Қостанай облысында 4, 7 млн га алқапқа дән себіледі. Оның ішінде 3 млн 819 мың га – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары. 176 мың гектарға жемшөп дақылдары егіледі. Әртараптандыру кешені аясында майлы дақылдар 700 мың гектарға дейін ұлғаймақ. Тұқымдар толық ...

Толығырақ »