19.05.2020

Владислав Челах жатқан «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізіліп, ем алып жатыр. Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесі  Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде ...

Толығырақ »

Қостанайда трактор мінген ер адам адасып кеткен

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері далада адасып кеткен 42 жастағы ер адамды құтқарды деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап. У.Досановтың айтуынша, «112» нөміріне әйел адам хабарласып, күйеуінің тракторымен үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Іздеу шараларына өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері мен Қостанай ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары, сондай-ақ, полицейлер жұмылдырылды. «42 жастағы ер адам Қостанай ауданының ...

Толығырақ »

«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 3900 тұрғын үй салынады

Қостанай облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 379 мың шаршы метр немесе 3900 тұрғын үй салу міндеті тұр деп хабарлады baq.kz. Биылғы І тоқсанда салаға 10,7 млрд теңге инвестиция бағытталған. Бұл —  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп қаражат. Осы кезеңде  жалпы ауданы 85 мың шаршы метр болатын 867 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 171 жеке үй. Жалпы биыл ...

Толығырақ »