Қостанай облысының трассаларына блокпосттар орнатылуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұрғындар облыс периметріне қойылып жатқан блокпосттардың фотоларын әлеуметтік желіде жариялауда. Блокпосттардағы полицейлердің айтуынша, әзірге Қостанай — Рудный және Қостанай — Әулиекөл тасжолында блокпосттар қойылған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін өңірлік жедел штабтың отырысы өтеді.
Еске салсақ, Көкшетауда карантин қайта күшейтіліп, қала сыртына 7 блокпост, сондай-ақ, СҚО-да коронавирус инфекциясы табылған аудандарға блокпост қойылуда.