Бүгіннен бастап Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі

23 маусым, яғни бүгіннен бастап Қостанай облысында карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің үндеуі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның осы жылдың 23 маусымынан 30 маусымына дейін карантин режимін күшейту жөнінде шешім қабылдады. Сонымен, облыста келесі гектеу шаралары енгізіледі:

1. Меншік нысанына қарамастан(кезекші топтарды қоспағанда) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру;

2. 20 адамнан артық келуші қабылдайтын (ашық ауада жаттығуды қоспағанда) спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың) жұмыс істеуіне тыйым салу.

3. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «тұтынушыға дейін жеткізу» және «шығару» қағидаты бойынша шектеу. «Биылғы 27 маусым (сағат 00:00-ден бастап) мен 28 маусым аралығында Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларының аумағында локдаун режимі (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймақтан еркін кіруге немесе шығуға тыйым салу) белгіленеді, ол мына шектеулерді көздейді:

1. Тұрғындардың тұрғылықты жерінен шығуы; келесі жағдайларды қоспағанда: жұмысқа шығу; медициналық көмекке жүгіну; тұратын немесе жұмыс істейтін жеріне жақын дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу; қоқысты шығару; жеке көлікте саяжайға жол жүру; тұрақты күтімді қажет ететін науқастар мен қарт адамдардың күтімі бойынша жол жүру; жануарларды серуендету.

2. Аталған қалалардың аумағында ойын және ойын-сауық қызметінің барлық түрлері тоқтатылады;

3. Қалалық қоғамдық көліктің қызметі (Рудный қаласы «ССКӨБ» АҚ-на қызмет көрсететін қоғамдық көліктен басқа), оның ішінде саяжай бағыттары тоқтайды;

4. Азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілерін қоспағанда, қала аумағындағы барлық сауда объектілерінің қызметі шектеледі.

5. Азық-түлікті көтерме бағада сатып алуды қоспағанда, барлық жеке сауда базарларының жұмысы тоқтатылады.

6. Скверлердің, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде олардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ, жағажайлар мен демалыс базаларының жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Біз карантиндік шараларды сақтау мониторингін жалғастырамыз және одан әрі босаңсулар (жұмсартулар) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсару кезінде ғана іске асырылатын болады.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...