Жұрт жұмысты интернеттен іздейді: Елімізде екі қолға бір күрек таппағандар саны 442 мыңнан асты

Биыл бірінші тоқсанда елімізде 442, 4 мың жұмыссыз тіркеліпті. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің шамамен 40%-ы немесе 176,3 мыңы ауылдық жерлерде тұрады деп жазады BAQ.KZ.

Finprom.kz сайтының хабарлауынша, елдегі халықтың жұмыспен қамтылмауының негізгі себептері жұмыстан өз еркімен босау (110, 5 мың адам) және жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы (102,4 мың адам) салдарынан екен.

Талданып отырған кезеңде 125, 4 мың адамның жұмыс іздеу ұзақтығы бір айға созылған. Сонымен қатар, тағы 115 мың адам 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп, сабылған. Елде 45,6 мың адам бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс таба алмайды екен. Мамандар бұл айтарлықтай күрделі мәселе болып саналуы мүмкін дегенді айтады.

Жұмыс іздеудің ең танымал тәсілі – баспасөз және интернеттегі хабарландырулар арқылы қарау. Бүгінде оларды 251,4 мың жұмыссыз пайдаланған.

Finprom.kz 213,2 мың адам достарынан, таныстарынан, туған-туыстарынан жұмыс тауып беруін сұраған деп жазады. Сондай-ақ кәсіби және әлеуметтік желілерде түйіндеме орналастыратындар немесе жаңартып отыратындар жұмыс іздеудің ең танымал әдістерінің үштігін құрап отыр: Бұған 149,3 мың адам жүгінген көрінеді.

Тағы 118 мың адам баспасөзде және интернетте хабарландыру жарияласа, бұл ретте Жұмыспен қамту органдарына барлығы 100,1 мың адам жұмыс сұрап барған.

Жалпы алғанда, қазір жұмыс іздеудің ең танымал тәсілі – жұмысқа орналастыру жөніндегі интернет-алаңдар, олар Жұмыспен қамту орталықтары мен басқа да ұқсас ұйымдардан сұраныс бойынша бірнеше есе асып түседі деген қорытынды жасауға болады.

Бүгінде Қазақстанда жұмысқа орналастыру бойынша ондаған онлайн-алаң жұмыс істейді. Finprom.kz командасы танымал интернет-алаңдарды қарастырып, олардың мобильді қосымшаларына талдау жасаған. Play Маркет мәліметтеріне сәйкес, Head Hunter компаниясының қосымшасы (10 млн астам) жиі жүктелген. Биылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша Head Hunter базасында 2,6 млн-нан астам резюме бар, бұл – ұқсас алаңдар арасында үздік көрсеткіш көрінеді.

Тағы бір танымал сайт – оның ішінде жұмыс іздеу бойынша OLX порталы (Play маркетіне қосымшаны жүктеу 10 млн астам). Бұл алаңда Қазақстан бойынша түрлі компаниялар мен жеке кәсіпкерлер жұмыс ұсынады. Сонымен қатар, OLX жалпы тақырыптағы хабарландыру сайты және тікелей жұмыс іздеуге арналмаған.

Онлайн-алаңдардың үштігін Market.kz жабады. Бұл компанияның мобильді қосымшасы миллионнан астам рет жүктелген, жалпы тақырыптағы тегін хабарландыру сайты. Мұнда бос жұмыс орындарын іздестіруді жылдамдату және ыңғайлылық үшін тақырыптық блоктар бойынша бөлінген.

Танымал интернет сайттар арасында Rabotanur.kz, Naimi.kz және HireBee.KZ сайттарын атап өтуге болады. Соңғысы өткен жылдың көктемінде іске қосылған.

Компания қызметкерлерді іріктеу және жасанды интеллект процесін диджитализациялау арқылы HR саласындағы дәстүрлі міндеттерді шешу үшін инновациялық тәсілдерді ұсынады.

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *