Ағымдағы жылы шегірткелер бойынша мониторингтік іс-шаралар жалпы көлемі 4,9 млн.га жерді жоспарланған.
Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық мониторинг жүргізуге 129 маман тартылатын болады.
Республикалық бюджет есебінен қорғау іс-шаралары ағымдағы жылы 775,6 мың га жерде жоспарланған (итальяндық прус – 744,9 мың га, азиялық шегіртке – 30,6 мың га).
Шегірткеге қарсы іс-шаралар Қостанай облысындағы 17 ауданның 15 аумағында өткізілетін болады. Науырзым ауданында – 182,4 мың га, Қамысты ауданында – 179,5 мың га, Жангелдин ауданында– 164,4 мың га және Амангелді ауданында – жоспарланған 775,6 мың га жерден 102,9 мың га жер.
Қалған 11 ауданның аумағында 874 гектардан 58,9 мың гектарға дейін жоспарланған.
Шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулерге кемінде 72 бірлік техника (аэрозольді газ генераторлары – 334,2 мың га (20 бірлік), аса жеңіл авиация – 270,6 мың га (10 бірлік), ұшақ – 100 мың га (6 бірлік), жер үсті: штангалық – 40 мың га (20 бірлік), желдеткіш бүріккіштер – 30,8 мың га (16 бірлік) жұмылдырылған.
Аудандық аумақтық инспекциялардың өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторлары және «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалдарының мамандары тарапынан Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекара маңындағы аумақтарына бірлескен тексеру жүргізіліп отырады. Россельхоз орталығының Орынбор, Қорған, Челябі облыстары бойынша филиалдарымен шегіртке және басқа да аса қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған, сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекаралас аудандарда бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Облыс аумағында шегірткелермен күресу үшін қажетті Республикалық пестицидтер қоры жеткізілді.
Ағымдағы жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша 64,290 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізілді.
Оның ішінде:
Амангелді ауданы бойынша — 36,2 мың га
Арқалық қаласы бойынша — 8,27 мың га
Жангелдин ауданы бойынша — 6,6 мың га
Қамысты ауданы бойынша — 11,97 мың га
Науырзым ауданы бойынша — 1,25 мың га