Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
«Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі» деп жазды ол.