Қостанай облысы сапалы ауызсуға қашан жариды?

Қостанай облысында халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші неге төмен? Бұл сауалға Үкіметтің онлайн отырысында аймақ басшысы жауап берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімі  Архмимед Мұхамбетовтың айтуынша, облыста 529 елді мекен бар.

«Оның тоғызы қала және олар толықтай орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерде ауызсумен қамтамасыз ету жағдайы күрделі. Өткені кеңестік кезеңде облыс Ресей және Солтүстік Қазақстан арқылы топтық су құбырларымен ауызсуға қол жеткізіп отырған. Олар тозды. Қазір оларды жаңарту және халықты сумен қамту бойынша үш бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 57 жобаны іске асыруға 15 млрд теңге бөлінді. Екінші бағыт бойынша 300-ден астам халқы бар ауылдарда кешенді блоктар салу жоспарланған. Биыл 123-і іске асты. Үшінші бағыт бойынша, халқы 200-ден аз ауылдарға су жеткізуді ұйымдастыру. Осы мақсатта су цистерналарын сатып алудамыз. 2025 жылға дейін халықты толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген. Осы мақсатта 95 млрд теңге қарастырылып отыр», — деді ол.

Асқар Мамин халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мемлекеттік басты стратегиялық бағыттары екенін атап өтті. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халықты сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтамасыз ету 2025 жылдға қарай жоспарланып отырғанын, сондықтан әр әкімдіктер нақты жоспарларына сай жұмыс істеулері қажет екенін қадап айтты. Сондай-ақ, жауапты ведомстволардың артта қалған өңірлер мәселесін ерекше бақылауда ұстауын тапсырды.

Еске сала кетейік, Архимед Бегежанұлынан бөлек Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдері де халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *