(Суретте Ахаң тұрған үйдің қазіргі күйі) «Қырық мысал», «Оян, қазақ!» 1909 жыл. Ақпан айының басы. Торғай қаласы (Торғай уезінің орталығы). Күн бұлтты болғанымен, желсіз тымық. Қаланың орталығында татар-ноғай саудагерлерінің дүкендері қаз-қатар сап түзеген. Орталықта алай- бұлай жүрген адам көп. Әсіресе, татар Сафиуллиннің дүкeнінің алдында адам ығы -жығылау. Бір сары шашты сары бала қолындағы даңғырасын қатты-қатты соғып, «Оян, қазақ!», Қазақша жаңа кітап! ...
Толығырақ »Monthly Archives: қазан 2020
Архимед Мұхамбетов неге баспасөз хатшыға жарымай жүр?
Шымкентте блогерлер мен журналистер көп екен, қызығасың. Әкімдердің ақпарат хатшылары да мықты. Республикалық газеттер мен телеарналардың жаңалықтарын қарасаң — жартысы оңтүстік өңірдің жаңалықтары. Ежелгі қалалары да насихатталып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, тарихы да, басқа да жаңалықтары да жазылып жатыр. Біздің Қостанай облысында ақпарат саласы кенже дамыған. Оны мойындау керек. Ақпарат құралы аз. Әрине, баспасөз жоқ емес, бар. «Қостанай таңы» сияқты ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (тарихи повесть)
1907 жыл. Шілде айы. Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінен босатылғаннан кейін қала базарының маңынан бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан. Оған себеп— жандармерияның «қаладан шықпайсыз» деген нұсқауы еді. Түс әлеті болып қалған кез, Ахмет терезе алдындағы столда Крыловтың «Басни» атты кітабының біраз мысалдарын аударған. Қолжазбасын автордың мысалдарымен салыстырып, кей жерін өшіріп, қайта жазып, кейбір мысалдарға өз жанынан қосып, Крылов мысалдарына жаңаша ...
Толығырақ »Қазыналы Құсмұрын құпиясы
Құсмұрын – сулы, нулы, көрікті тарихи мекен. Оның атауы көлемі жағынан Қазақстандағы ірі су бассейініне жататын Құсмұрын көлінің атауына байланысты қалыптасқан. Құсмұрынға Обаған өзені құлап, одан қайта ағып шығады. Мұндай көрініс Қазақстанда Зайсанға құйып, қайта шығатын Ертіс өзеніне де тән. Көлдің маңында қоңыр көмірдің мол қоры да бар. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов басқарған Аманқарағай округінің орталығы ...
Толығырақ »Бестамақта жазылған беймәлім мақала: Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды
Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл ...
Толығырақ »Торғай медбикелерінің «өкіл әкесі»
немесе Торғай өңірінде алғаш ашылған медучилищенің тұңғыш директоры, білікті дәрігер-ұстаз Жұман Жанділдин туралы сөз Сынаптай сырғитын уақыттың билігіне бағынбайтын жан жоқ шығар. Ал сол уақыт билігіне бағына жүріп, қай кезеңде де кісілік қалыбынан таймайтын жандар тым сирек. Тамырын тереңге жіберген тектілігі, көргені мен түйгені, кісіге жасаған қайырымы мен кеңдігі, ойының орамы мен көңілінің көркемдігі бір төбе Торғай елінің азаматы Жұман ...
Толығырақ »Торғай неге туристерге тарс жабық
немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...
Толығырақ »Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды
Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі ...
Толығырақ »Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап. Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай ...
Толығырақ »Рудныйда салмағы 6 келі болатын сәби дүниеге келді
Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді деп хабарлайды «Алау». Сәби 1 қазанда Рудный қалалық көпбейінді ауруханасында дүниеге келген, оны Елжан деп атаған. Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің басшысы Людмила Төлебаеваның айтуынша, оның көп жылдық тәжірибесінде осындай салмақтағы бала алғаш рет дүниеге келген. Анасының айтуынша, босану асқынусыз өткен. «Мен ірі бала дүниеге келеді деп күттім, бірақ соншалық үлкен болады ...
Толығырақ »