Қостанай облысында қазынадан бөлінген 484 миллион теңгені жымқырған қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығына арналған жабдықты сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі анықталды.
Бүгінде бір топ адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қылмыстық топ мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.