Қостанайлық келіншек құрбысының көңілдесін пышақтап өлтірді

Қостанай облысында екі күнге созылған отырыс кісі өлімімен аяқталды. Жантүршігерлік оқиға Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Басылым мәліметінше, Қостанай қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне пәтерде ер адамның қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы тұрмыстық жанжал кезінде болған кісі өлімі екенін анықтады.

Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын толықтай ашқан.

Ауыл тұрғыны, яғни көлік жөндеу стансасының қызметкері жалақы алып, Қостанайға көңіл көтеріп, демалу үшін келген. Балалары мен әйелі ауылда қалған.

Қалада ер адам екі досымен кездескен.

Сонымен қатар қалада оның көңілдесі болған екен. Осылайша, олар көңілдесінің құрбысын да шақырып, екі күн бойы жалдамалы пəтерде көңіл көтерген.

Отырыс кезінде ер адам мен оның көңілдесінің арасында жанжал туындағаны белгілі болды.

Құрбысының көз жасын көріп шыдай алмаған əйел ер адамды “жазалауға әрекеттенген”.

Қолына ас үй пышағын алып, әйел жәбірленуші жатқан жатын бөлмеге барған. Суық қарумен арқасына жасалған соққыдан соң ер адам жан тапсырған.

Оның екі досы бұл уақытта балконда темекі шегіп тұрып, екі әйелдің үйден қалай кетіп қалғанын да білмей қалған.

Залда ішімдік ішуді жалғастырған олар жатын бөлмедегі ер адамның мәйітін де көрмеген.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшыларын пәтер қожайыны шақырыпты.

«Әйел полицияға келесі күні кінәсін мойындап, өзін ретке келтіріп болған соң келмек болғанын жеткізген. Алайда күдікті одан бұрын қолға түсті. Ал құрбысы куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ұсталған күдікті тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

фото: ашық дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *