Архимед Мұхамбетов Беларусь еліне сапарлады

Архимед Мұхамбетов Үкімет делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараға қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Сапар барысында облыс әкімі «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның басшылығымен кездескен.
Биыл «Минск трактор зауыты» ААҚ осы жылы 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің бірі. Түрлі техника компоненттерін әзірлейді.
Кездесу барысында машина жасау саласындағы бірқатар мәселе талқыланған.
фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *