Ауыл әкімдерін сайлауға 4,7 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

24 мамырда Президент «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Онда ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің шығындары қарастырылған. Бюджет туралы заңда ОСК-ның ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуіне осы жылдың соңына дейін 4,7 млрд теңге қарастырылған, — деді ол.

Мұстафина шығындардың сметасы негізгі шығындарға негізделгенін айтты.

Оған сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы кіреді. Ол шығынның 80 пайызын құрайды. Оған БАҚ-қа жариялау мен полиграфиялық материалдар, көлікті жалдау, жұмыс сапарлары, жеке қорғаныш бұйымдары бар. Учаскелік сайлау комиссияларының электоральді уақыты 1 айға созылады. Аумақтың сайлау комиссиялары бұл шығындарды Ұлттық экономика министрлігімен келісті, — деді ол.

Сабила Мұстафина айтқандай, заңға сәйкес мемлекет барлық кандидатқа бірдей қаражат беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ БАҚ-та шығуға әрбір кандидатқа бірдей қаражат бөледі.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *