Архимед Мұхамбетов журналистерді мерекемен құттықтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

«Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Ашық ақпараттық кеңістіктің дамуы жағдайында журналистиканың рөлі күн сайын күшейе түсуде.
Қостанай журналистикасы әрқашанда бүкіл республиканың БАҚ редакциялары үшін үздік кадрлар ұстаханасы болып саналды.
Біздің журналистердің материалдары оқырмандар мен көрермендердің қызығушылығын тудырады. Ал жобалар бірнеше рет ең жоғары деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары атанды.
Біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне мұқият назар аударғаныңызға зор ризашылығымды білдіремін.
Сізге шын жүректен шабыт, үнемі шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілеймін. Сіздерге және жақындарыңызға бақыт пен амандық тілеймін!» — деп жазды аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *