Таспа

07.07.2021

«Амалымыз қалмады…»: Торғай жұрты тасаттық беріп жатыр

Соңғы кездері еліміздің әр өңірінде құрғақшылық болып, жұрт малынан айырылып жатыр. Қостанай облысында да дала шөбі өртеніп, дауыл соғып, жұртты әбігерге салып жатыр. Әйтеуір табиғат тосын мінезін танытып тұр. Амалы құрыған жергілікті халық діни наным-сенімге жүгініп, тасаттық беріп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   ЭК сайтының жазуынша, құрбандыққа шалатын малды жергілікті тұрғындар әркім шамасы келгенше бес-он мың теңгеден қаржы қосып сатып алыпты. ...

Толығырақ »

Шілдеде Тобыл-Торғай өңірінде қуаңшылық қатты болады

Шілде айында Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде экстремалды қуаңшылық болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап. Қатты қуаңшылық – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында. Орташа қуаңшылық – Ақмола облысында (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), ...

Толығырақ »