Monthly Archives: тамыз 2021

Қарсы ал, қазақ эстрадасы… (САТИРА)

Не түлен түрткенін білмеймін, жетіншіні бітірмей жатып «журналист болам» деп желпіндім. Өйткені, жер бетінде одан жеңіл жұмыс жоқтай көрінді. Көк жәшіктің ішіне кіріп алып, таңертеңнен кешке дейін көкисің де отырасың. Өтірік күлуге өнерің жетіп, ұрыс-керістен тартынбасаң, ұлтты «тәрбиелеуден» ұялмасаң болды. Ол жалықтырып, «қоғам қайраткері» атанғың келсе, асабалардың сөзін жаттап ал да, айғайла, екілен, есір! Жер тепкілеп жұлқын! Эфирге есі кеткен ...

Толығырақ »

29 тамыз — Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады, — деді Президент. Еске ...

Толығырақ »

Қостанайда мектеп директорына қаржы жымқырды деген айып тағылды

Қостанай мектебінің директоры мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталып жатыр. Екінші қалалық сотта оған қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін М. мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қол астындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған. Математика пәні мұғалімінің айтуынша, директор оның жалақысының ...

Толығырақ »

«Бұрынғы полицей»: Рудныйда балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланған

Рудныйда балалар үйінің қызметкері балалар үйінің тәрбиеленушісін екі жыл бойы зорлап келген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қоғам  белсендісі Дина Таңсәрі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Рудныйдағы балалар үйінің қызметкері кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленушіні зорлағаны үшін қамауға алынды деген ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады. «Біз жасөспірім қыз екі жыл бойы зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат алдық. Ол зорлау фактісін дәлелдей алды, өйткені ол ДНҚ-ны жинай алған. ...

Толығырақ »

Жол ақысын картамен төлеген қостанайлықтардың ақшалары жоғалып жатыр

Қостанайлықтар автобуспен жүргеннен кейін банк карталарындағы ақшалары жоғалғанын айтып дабыл қағып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. Тіпті қоғамдық көлікті пайдаланғандары үшін түнде де қаражат шешілетін көрінеді. Студент Анастасия Червинская банк картасынан қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін бірнеше рет ақша шешілгенін байқаған. Түнгі уақытта да өздігінен төлем жасала береді дейді ол. “Меннен төрт рет ақша шешіп алды. Бір рет ...

Толығырақ »

Бір деректің ізімен: Жақып Дәуренбекұлын кәмпескелеу актісі

Қазақ даласында советтік сталиндік биліктің зардабын тартпаған әулет кемде-кем. Қанды қырғын, әсіресе, байлар мен діни адамдарға, зиялыларға қатты тиген. 1928 жылдан бастап қазақтың бай-бағландарын қуғынға ұшыратып, жер аударып, мүліктерін тәркілеген. Байларды құрту арқылы халықтың тіршілігін тұралатып, шаруашылығына орасан кесірін келтірген. Өйткені, бай бір ауылдың тізгінін ұстап отырған. Совет үкіметінің қисынға келмейтін «солақай саясаты» Тосын құмын мекен еткен Шақшақ Жәнібек әулетін ...

Толығырақ »

Жанашыр аға

(Ахмет Бірімжан туралы) Тобыл-Торғай өңірін мекен еткен Шақшақ Жәнібек зәузатынан, оның ішінде Бірімжан әулетінен шыққан тұлғалардың осалы жоқ. Алды Ресей елінің жоғары оқу орындарында оқыған, білім алған азаматтар. Әсіресе, Қорғанбек Бірімжанұлының ұрпақтарын ерекше айтуға болады. Қорғанбектің біз білетін балалары: Әбдікәрім, Ахмет, Шарифа, Зухра, Рахима, Ғазымбек, Батырхан, Мұхтар, Кәрім, Нұрхан, Жұмахан, Қазима, Шәкен. Олардың көбі дерлік, жоғары оқу орнын тәмамдаған, саяси ...

Толығырақ »

Қостанай облысында педагогтардың 90%-ы вакцина алды

Қостанай облысында педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тамызда ұстаздар еңбек демалыстарынан жұмысқа оралады. Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін, бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз, ...

Толығырақ »

Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен

Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...

Толығырақ »

Клиенттерді бұғаттап отырған: Қостанайда вакцинация паспорттарын «сатқандар» ұсталды

Қостанайда вакцинация паспорттарын «сатқан» екі ер адам ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының 27 жастағы екі тұрғынын анықтады. Олар өздерінің пайдасы үшін COVID-19 вакцинациялау паспорттарын сатумен айналысқан. Олардың айтуынша, шілде айында Telegram әлеуметтік желісінде арнайы аккаунт ашқан. Содан кейін клиенттерді іздеу үшін олар барлық әлеуметтік топтарға вакцинация паспорттарын істей ...

Толығырақ »