27.07.2021

Мұхамбетов тұрғындарға уақытылы вакцина алуға кеңес берді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Штаб отырысы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Р.Айтбаевтың, Арқалық және Рудный қаласы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебін тыңдаған. Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 ...

Толығырақ »

Токио-2020: Василий Левит нокаутқа түсіп қалды

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі — 91 келідегі Василий Левит қарсыласынан нокаутпен ұтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы. Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берген. Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған ...

Толығырақ »

Қостанай ауруханасы тек коронавирус науқастарын ғана қабылдайды

Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде жатқызылуы тиіс науқастарды қабылдау тоқтатылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған медициналық мекемеде 280 төсек-орындық, оның ішінде 20-сы жансақтау бөліміне жатқызылатын жұқпалы ауруларға арналған стационардың ашылуы себеп болып отыр. 27 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспар бойынша жатқызылатын науқастарды қабылдау тоқтатылды. Алғашқы көмек облыстық ...

Толығырақ »