Жол ақысын картамен төлеген қостанайлықтардың ақшалары жоғалып жатыр

Қостанайлықтар автобуспен жүргеннен кейін банк карталарындағы ақшалары жоғалғанын айтып дабыл қағып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Тіпті қоғамдық көлікті пайдаланғандары үшін түнде де қаражат шешілетін көрінеді.

Студент Анастасия Червинская банк картасынан қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін бірнеше рет ақша шешілгенін байқаған. Түнгі уақытта да өздігінен төлем жасала береді дейді ол.

“Меннен төрт рет ақша шешіп алды. Бір рет және қосымша үш рет төлем өздігінен жасалды. Шамамен 400 теңге қаражатымды алған. Онымен қаймай, түнде тағы төлем жүзеге асты. Бұл ақшаның арнынан жүрудің өзі қиын. Банктен анықтама сұрайды, құжат толтыру қажет”, – дейді  Анастасия Червинская.

Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу Қостанайда алты айдан бұрын енгізілді. Тұрғындар Alempay көлік карталарымен, қарапайым банк карталарымен және QR -код арқылы төлем жасай алады. Осыған дейін де жеке адамдарда мұндай жағдайлар орын алған. Алайда осы жолы жаппай картамыздан ақша шешіп жатыр деп шағымданды тұрғындар. Тіпті кейбір адамдардан он мың теңгеге дейін қаражат шешіп алған.

“Барлық негативтер, есептен шығаруға қатысты барлық шағымдар, валидатордың дұрыс жұмыс жасамауын жүргізушілерден көреді. Олар ашуланып, жұмысқа шы,удан бас тартты. Бұл банк карталарынан шешіліп жатыр, көлік карталарына ешқандай қатысы жоқ”, — дейді Юрий Панасенко.

Әкімдік бұл сәтсіздік Alempay операторының кінәсінен емес, екінші деңгейлі банктің жұмысында болғанын, сол себепті жолаушылар картасынан қаражат бірнеше рет шешіліп алынғанын хабарлады.

“Ақпарат жиналады, өңделеді және келесі аптада жол жүру ақысын жинаудың электронды жүйесін шығаратын компания алынған ақшаны теңгерімге қайтарады”, – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұралы Есергепов.

Жазбаша өтінішпен жүгінудің қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде қалпына келтіріледі деп уәде беріп отыр екен шенеуніктер.

 

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *