29 тамыз — Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады, — деді Президент.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам, яғни Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ стансасының тұрғындары көшірілді.

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ке жетті.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *