Қостанай облысында Полиция басқармасының бастығы жанжалдан кейін отставкаға кетті

Қостанай облысы Сарыкөл аудандық Полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz«Наша газета» сайтына сілтеме жасап. 

Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті, — деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі байқалғаны әсер еткен, бір нұсқа бойынша бұл сол ауданның прокуроры Асқар Сыздықовтың қызметтік көлігі болуы мүмкін. Ал ол көлікте 044 ҚР 10 нөмірі байқалған.

Қызметтік тергеу қорытындысына сай, ПД басшысының орынбасары айтуынша, SsangYoung жүргізушісін анықтай алмаған.

Видеода көрсетілген суреттерде көлік жүргізушісінің бет-әлпеті анық емес, сондықтан оның Әбдіхалықов немесе оның жүргізушісі екенін дәлелдеу қиын. Көлікті тінту кезінде жалған нөмірлер де табылған жоқ. Жүргізуші мен Полиция басқармасының бастығы өз кінәсін мойындамады, — дейді Ынтықбаев.

Мемлекеттік қызметкердің этика кодексін бұзғаны үшін жүргізуші мен Полиция басқармасының бастығы қызметінен босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуроры Берік Әбілов басылымның сауалына қысқаша жауап берген. Оның айтуынша, қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

фото: Фото: qostanai.media

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *