Мұхамбетов Торғайда белгісіз аурудан мал қырылып жатқанын білмейді екен

фото: ҚазАқпарат

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданында таралған мал ауруы туралы естімегенін болып шықты. Қайта ол өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты деп бағалайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Ауданға қарасты Көкалат ауылында мал ауруы белең алып тұр. Алайда жергілікті билік ол мәселені тұрғындарға айтқызбайтын көрінеді.

Алдымыздағы аздаған малымыз қырылып қалса, немен күн көреміз? Кейбір шаруашылықтарда шығын да болды. Бірақ ешкім айтқысы келмейді. Айтқандарға қысым көрсетіліп жатыр екен. Жүздеген малы ауырып қалған қожалықтар бар, — дейді атын атамауды өтінген ауыл тұрғыны.

Мұндағылардың мал ауруы қайдан шыққаны, қандай кесел жұққаны туралы болжамы әртүрлі. Шаруашылықтағылар стоматит пен құтырудың белгілерін байқаған. Аусыл болуы да ғажап емес. Ауру ауадан таралуы мүмкін дейтіндер де бар.

Малымызды не сойғызбайды, не сатқызбайды. Карантинге де жаппай отыр. Егер карантин жарияланса, ветеринарларға қосымша ақша төленіп, вакцинаның бәрі тегін салынады екен. Ауыл жұрты кейбір дәрілерді Қостанайдан таба алмай, астанадан алдыртып жатыр, — дейді келесі бір тұрғын.

Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген облыс әкіміне Express Qazaqstan тілшісі осы мәселе жөнінде сұрақ қойған еді.

фото: дереккөз

Көкалат ауылындағы жағдай жөнінде хабарым жоқ. Жангелдин ауданында көбі малын көктемде өріске жіберіп, қараша, желтоқсан айларында ауылына қайтара алып келеді. Кейбір кісілер малының ауырғанын ветеринарларға жай жеткізеді. Сондай кідіру себептері бар. Жалпы, ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл мәселе бойынша тексеру жүргізіп, сізге жазбаша жауап бере аламыз, — деді Архимед Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы Көкалат ауылындағы «Нұр» шаруа қожалығының өкілі Нұрсұлтан Садық үш-төрт күн бұрын мал дәрігерлерін шақыртқанын айтқан. Сиырларда белгісіз ауру барын олар да растапты.

Ветеринарлар журналистерді шақырамыз деген соң келген екен. Малдың ауырып тұрғанын айтқан. Басқа ешқандай әрекет жасамай, тек ертесі келіп егетінін жеткізген.

Шаруа қожалығындағы ауырған малдарда құтыру белгілері бар. Адамға атылатын көрінеді. Сосын үш-төрт күн аяғын баса алмай, аузынан су ағып, өліп қалады.

Бүгінге дейін 5 сиыр өлген. Тағы төртеуі ауырып қалған. Белгісіз дерт басқа жануарларға да жұғып жатыр.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *