Monthly Archives: қараша 2021

Қостанай жылқысы аламан түріне қосылады

Ұлттық спорт қауымдастығының ұсынысымен тек қана Қостанай жылқысы қатысқан жеке аламан өткізу дәстүрге айналады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Бұған дейін елімізде «Алтын тұлпар» (51 км), «Аламан бәйге» (25-31 км), «Бәйге» (Топ бәйге) (16-21 км), «Құнан жарыс» (7-9 км), жорға жарысы (7-9 км) және тай бәйгесі (3-5 км) өткізіліп келген болатын. Алдағы уақытта бұл аламандардың қатарына Қостанай жылқысының бәйгесі қосылады. Бұл ...

Толығырақ »

Қостанайда колледж оқытушысын ұрып-соққан: Полиция істі жылы жауып қойыпты (ВИДЕО)

Қостанай жоғары медициналық колледждің мұғалімі Наталья Жоламанова соққыға жығылып, бірнеше күн жансақтау бөлімшесінде жатып шықты. Оны жәбірлеген тұрғын әлі бостандықта жүр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.  Наталья Жоламанова биыл мамыр айында өз үйінде таяқ жеген. Қызмет көрсетуге келген жұмысшы К.Сорокин әйелге қысым жасап, оны бетінен үш рет ұрған. Жәбірленуші дереу полицияға қоңырау соғады. Оқытушы әйел слесарьдің өзіне ешқандай жақын ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов қызметінен кетуі мүмкін

Саясаттанушы Ербол Еділов алдағы болуы мүмкін кадрлық өзгерістер туралы пікірімен бөлісті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. Orda.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Ербол Еділов Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жаңа тағайындаулар күтуге болатынын айтты. Жамбыл облысында өзгеріс болады деп ойлаймын, өйткені жақында әкім президенттен сөгіс алды. Оның үстіне оның жасы 68-де. Дәл осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысы мен Қостанай облысында да ...

Толығырақ »

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйде қабырға мен төбе жабыны өртене бастаған. 50 шаршы метр алаң жалынға оранды. Өрт ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...

Толығырақ »

64,7 %: Қостанай облысы ауылдардағы ауызсу мәселесін шеше алмай отыр

Бұл туралы tobyl-torgai.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауыл халқын ауызсумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен екенін мәлімдеді. «Олар Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары. Ауызсумен қамту деңгейі 3 өңірде: Атырау (98,5 %), Алматы (98,3 %), Қызылорда (97,6 %) облыстарында жоғары», ˗ дейді министр. Республика ...

Толығырақ »

Fitness Park KZ: Бұқаралық спортта мәдени код пен шығармашылық контентті үйлестірдік

Әлемді індет жайлаған уақытта жастар арасында саламатты өмір салты мен спортты күн сайынғы дағдыға айналдыру жолында атқарылып жатқан істер аз емес. Солардың бірі – Ұлттық Дельфий Комитетінің Fitness Park KZ жобасы. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда жобаға 6 мыңнан астам адам қатысып, 50-ден астам жаттығу сағаты өткізілді. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты шеңберінде ...

Толығырақ »

Қостанай облысында Полиция басқармасының бастығы жанжалдан кейін отставкаға кетті

Қостанай облысы Сарыкөл аудандық Полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Наша газета» сайтына сілтеме жасап.  Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті, — деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев. Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі ...

Толығырақ »

«Президентке, Парламентке хат жазамыз!»: Көлігі есептен шығарылған қостанайлықтар наразылыққа шықты

Ресейде есептен шығарылған бірқатар көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Бұған әр аймақта наразылық білдіріп жатқандар көп. Қостанайлық жүргізушілер де жергілікті билікпен кездесу өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.  Кездесуде полиция өкілдері жүргізіліп жатқан іс-шараның мәнісін түсіндірді. Ресейлік нөмірі бар көлік мінгендердің бәрі бірдей заңсыз жүрген жоқ. Жарамды тіркеуі, сатып алу, сату шарты және сақтандыру полисі бар жүргізушілер көп. «Жол қозғалысы туралы» заңға ...

Толығырақ »

Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кеткен

Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Alau.kz сайтының дерегінше, Комсомольский даңғылы мекен жайындағы пәтерінен 87 жастағы тұрғын өлі күйінде табылды. Әжейдің денесінде азаптау белгілері болған. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201- ...

Толығырақ »